БҚО-да мектеп автобусы апатқа ұшырады

Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады.
Оқиға Теректі ауданының Подстепное ауылында болған. Оқушылар мінген автобусты қоғамдық көлік соққан. Зардап шеккендер бар. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апат болған жерге полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы шұғыл жетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал