Ауыл-ауданға жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік төлем уақытылы берілмеген. Батыс Қазақстан облысында осындай олқылық анықтады. Бас аяғы 80 дәрігерге берешек 490 миллион теңгеден асып түскен. Қаладан қиырға барған мамандарға 3 айдан кейін өтемақы берілуі тиіс. Бірақ бұл талап орындалмаған. Мәселе прокурорлар араласқан соң шешімін тапты.
АЙНҰР АМАНГЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:
— Қала прокуратурасымен заң бұзушылықтарды жою және медициналық қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі бойынша БҚО денсаулық сақтау басқармасымен 80 медициналық және фармацевтік қызметкерлерге жалпы ссомасы 490 миллион теңгеден астам әлеуметтік қолдау шараларын төлеу жөнінде тиісті шаралар қабылданды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.