Абай ауылында суға кетті деген 8 жасар бала бір аптадан бері іздестіріліп жатыр. Ойын баласы абайсызда аяқ киімінің сыңарын арыққа түсіріп алған. Соны аламын деп ұмтылған сәтте өзі де суға ағып кеткен. Оны жанында болған басқа балалар көрген. Ал арықтың суы Келес өзеніне құяды. Сүңгуірлер баланы осы өзеннен іздеп жатыр. Басқа да күштер жұмылдырылған. Іздеудің тиімділігін арттыру үшін Қазығұрт ауданындағы шлюздің жұмысы тоқтатылып, Өзбекстандағы «Зах» каналының шлюзі жабылды.
ШЫҢҒЫС СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі таңда құтқарушылар толыққанды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. 31 наурыз күні ҚР ТЖМ республикалық құтқару жасағы көмекке келді. Қазіргі таңда құтақру жұмыстарына 250-ден астам адам жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасын табуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.