Елдің батысында бала іздестіріліп жатыр. Ақтөбе облысының Сарыжар ауылында 10 жастағы Мансұр Саматовты іздеу үшінші тәулікке ұласты. Ілек өзені мен оның жағалауы електен өткізілуде. Бала соңғы рет дәл осы жерде көрінген. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, ойын баласы суға түсіп кеткен болуы да мүмкін. Бұл нұсқаны полиция да қарастырып отыр. Ауылға тағы екі жүзге жуық құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды.
МҰРАТ ОМАРҒАЛИЕВ, МАРТӨК АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ:
— Аталған хабарлама бойынша, Мартөк ауданы полициясы бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнына шықты. Алдын ала анықталғанындай баланың суға түсіп кетуі мүмкін. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, оның ішінде сүңгуірлер арнайы техника қолданылды. Жергілікті халық та атсалысты. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.