Елімізде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Барлық өңірде жедел штаб құрылып, 24 сағаттық гидрологиялық бақылау ұйымдастырылған. Бүгінге дейін ел бойынша 8 млн текше метр қар шығарылып, 698 мың текше метр су сорылды. Қорғаныс аясында 41 мыңнан астам қапшық құм төселіп, 3 мың тонна инерттік материал әзірленді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Ақмола және СҚО-да су басу қаупі басым. Ал Қарағанды, Абай, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында қауіп орташа. «Картадағы жасыл аймаққа енген облыстарда қауіп жоқ», — дейді мамандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.