Шығыс Қазақстан облысында сүт-тауар фермаларын ірілендіру жоспарланып отыр. Қазір өңірдегі сүт өңдеу кәсіпорындары 70% ғана жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл – шикізаттың жетіспеуінен туындаған жағдай. Сүт облыстың шалғай аудандарынан тасымалданады. Ал жол ұзарған сайын, дайын өнім қымбаттайтыны – заңдылық. Сондықтан өнеркәсіптік мал шаруашылығына және шикізатқа тәуелді емес ірі сүт-тауар фермаларын дамытуға басымдық берілуде. Қазір облыста осындай 10 жоба бар. Бұл сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру септігін тигізеді деген үміт бар.
АСҚАР САЙЛАУБАЕВ, СҮТ ӨҢДЕУ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл жағдай бір облысқа ғана тән емес, бүкіл Қазақстан бойынша байқалады. Біздің барлық кәсіпорындар шамамен 70-80% деңгейінде ғана жұмыс істеп тұр. Бізге сүтті алыс шаруашылықтардан, әртүрлі облыстан тасуға тура келеді. Шикі сүт тапшылығы болған кезде, біз, өңдеушілер, сол сүт үшін үнемі бәсекеге түсеміз.
АСЛАН СМАҒҰЛОВ, «ЕРТІС» ӘКК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
— Сүт-тауар фермаларын дамыту және кеңейту бойынша 7 жоба жүзеге асырылды. Қазіргі таңда оның алтауы толық іске қосылып, пайдалануға берілді. Ал тағы 1 жобаны биыл іске қосу жоспарланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.