Шымкентте қаланың символына айналған қызғалдақ гүлдеді. Биыл қала ішіне 1 млн 600 мың түп дала гүлі отырғызылған. Қазір алқызыл, сары, алуан түсті қызғалдақ айналаны ерекше сәнге бөлеп тұр. Гүлге көмкерілген көрікті жерлер тұрғындар мен қала қонақтарының көз қуанышына айналды. Көктемнің шуақты күндерінде серуенге шыққандар үшін бұл орындар нағыз демалыс мекені дерсің! Табиғаттың бұл көрінісі шаһарға ерекше жылулық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлап отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.