Өзбекстанда ботаникалық бақтарды жекешелендіруге тыйым салынды. Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізіміне енгізілмек. Ғимарат құрылысы үшін жасыл желекті отауға болмайды. Айыппұл көлемі еселеп артқан. Мұнда көктем шыққалы ағаш егу, айналаны абаттандыру қарқын алды. Осыдан он шақты жыл бұрын Ташкентте ағаштар түбірімен оталған. Сондықтан қазір «бір тал кессең, он тал ек» деген қазақ мақалының маңызы артқан. Бір ағаш кесілсе, орнына 100 көшет отырғызу заңмен міндеттелген. Жасыл-желектің үлесін 30 пайызға жеткізу мақсатында жыл сайын 200 миллион түп ағаш отырғызылады.
ЗАРИНА АБДУЛЛАЕВА, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТ ӨКІЛІ:
— Мақсат – жас ұрпақты жермен жұмыс істеуге баулып, табиғатқа жанашырлығын арттыру. Олар бүгін өз қолымен еккен ағаштарының келешекте үлкен баққа айналғанын көзбен көреді. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың міндеті. Біз жастарға осыны үйреткіміз келеді. Соңғы жылдары табиғат қорғау, экология мәселелері бойынша көптеген заң қабылданды. Олар кезең-кезеңімен жүзеге асып та жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.