«Жазадан сытылып кетуі мүмкін»: Нұрай Серікбайдың ағасы алаңдаушылық білдірді | 31.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ОҚУШЫЛАР АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады. Қоғамдық көлікте оқушылар болған. Зардап шеккендер бар. Біздің тілшілеріміз мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

ДӘРІГЕР ҚҰҚЫ
Дәл осы аймақта қаладан ауылға барған медицина қызметкерлері тиісті көтермеақыны алмаған. Осы уақытқа дейін 80 дәрігерге 490 миллион теңге төленбеген. Олқылықты прокурорлар анықтап, жауаптыларға шара қолданды.

БАЛА ЖОҒАЛДЫ
Түркістан облысында 8 жасар бала жоғалып кетті. Құтқару тобы бір аптадан бері іздеп таба алмай жатыр. Ойын баласы суға түсіп кеткен болуы мүмкін. Өйткені оны жағада көргендер бар.

ЖОЛ ТЕСІЛДІ
Ойдым-ойдым жол, діңкесі құрған жолаушы. Петропавлда асфальттың «миы» шығып жатыр. Күн жылынып, қар көбесі сөгілгелі жолдың дені шұрық тесікке айналған. Жылда осы уақта қайталанатын мәселе қашан түбегейлі шешіледі?

ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛДЕДІ
Шымкентте қызғалдақ гүлдеді. Арнайы егілген 1,6 млн түп өсімдік шаһардың шырайын ашып, қаланы әдемі күйге бөлеген. Жайқалған гүлге тұрғындар да дән риза.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал