Әкесіне күш көрсеткен Алмас Садақбаевқа жаза мерзімі ұзартылды

Түркістан облысында өз әкесіне күш көрсеткені үшін 5 жылға сотталған Алмас Садақбаевқа қатысты шығарылған сот үкімі өзгерді. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар үкімге наразылық білдіріп, аппеляцияға берген еді. Бірінші сатылы соттың 16 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Садақбаев қылмыстық кодекстің екі бабымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. 41 жастағы ер адам әкесін ұрып-соғып, қорлағаны үшін сотталған еді. Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Енді сот алқасы аппеляциялық өтінішхатты қанағаттандырып, бірінші сатылы соттың үкімі өзгерді. Садақбаев түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
ЗАМАНБЕК ИСМАИЛ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІ:
— Садақбаевтың тарапынан жасалынған қылмыс, қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі болғанын, жәбірленушінің дәрменсіз күйде адам екенін пайдаланып, оны қинау арқылы ұдайы ұрып-соғу жолымен тән зардабын және психикалық зардабын шегуге ұшыратып, барынша арсыздықпен ұштасқан аса қатыгездікпен, өзінің туған әкесінің денсаулығына қасақана орта жарақат салып, созылмалы уақыт арасында қинап келгені, жәбірленушінің қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеу әрекетін жасағаны үшін жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз барын тапты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал