Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа емдеуге жіберілген

Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Шымкент қаласының полиция департаменті бұл ақпартты ресми түрде растады. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады. Полиция дерегінше, қазір күдіктіге қатысты тергеу адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша жалғасып жатыр.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПД:
«Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста: үздіксіз байланыс қамтамасыз етіліп, қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша түсіндірмелер берілуде, заңда белгіленген тәртіппен тергеу барысы туралы ақпарат жеткізілуде, сараптама қорытындылары мен іс материалдары түсіндірілуде».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал