«Самұрық-Қазына» холдингі 729 қызметкерін қысқартты

«Самұрық-Қазына» холдингінің 729 қызметкері жұмыссыз қалады. Президенттің кофесүйер қызметкерлерге қатысты сынынан кейін компания Астанадағы штатты қысқарта бастады. «Бұл – ұжымның 11 пайызы, негізінен әкімшілік-басқару қызметіндегілер», — деп хабарлады «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі. Компания өкілдері қысқарту нақты қашан болатынын айтқан жоқ, 700-ден астам маманның жыл соңына дейін кететіні анық. Қысқартуға ұшырағалы отырғандардың орташа жалақысы – шамамен 762 мың теңге. Осының есебінен холдинг алдағы 9 айда 5 млрд теңге үнемдемек. Әйтсе де жұмыстан шығатындар өтемақысыз қалмайды.
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жұмыс берушілер мен компания қызметкерлері арасындағы қолданыстағы ұжымдық шарттар/келісімдер аясында бір орташа айлық жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал