Иран АҚШ-тың Microsoft, Apple, Google компанияларын нысанаға алды

Иран АҚШ-тың әйгілі Microsoft, Apple, Google компанияларын нысанаға алды. Таяу Шығыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы 15 ірі өндіруші бар. Meta, Nvidia, Tesla да осының ішінде. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ шабуылдаса, осы аталған компания кеңселерінің күлі көкке ұшатынын мәлімдеді. Өйткені бұлардың тыңшылыққа қатысы бар, деп санайды. Қауіпсіздік мақсатында компания қызметкерлеріне жұмыс орындарынан кету ескертілді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Иранға қарсы шабуылды тоқтататынын мәлімдеді. Оның айтуынша, операция Иранмен келісім жасалған-жасалмағанына қарамастан тоқтатылады. Өйткені АҚШ шабуыл арқылы көздеген мақсаттарына жетіп, Иранның ядролық қару иелену мүмкіндігін шектегенін айтты.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Менің ойымша, Иранға қарсы әскери операция 2-3 апта ішінде аяқталады. Біз оларға өте қатты соққы беріп жатырмыз. Кеше түнде біз зымыран өндіретін нысандардың біраз бөлігін жойдық. Меніңше, тағы екі-үш аптадан кейін біз ол жерден кетеміз. Өйткені мұны жалғастырудың біз үшін ешқандай мәні жоқ. Қазір олардың қолындағы барлық мүмкіндікті толық жоюды көздеп отырмыз. Бірақ оған дейін келісімге келуіміз де мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал