Өскеменде мырыш өндіретін кәсіпорын 20 млн теңге айыппұл арқалады

Өскеменде мырыш өндіретін кәсіпорын экологиялық талапты бұзғаны үшін 20 миллион теңге айыппұл арқалады. Өндіріс алаңында орнатылған эко өлшеу құрылғылары зиянды газдың шамадан тыс артқанын тіркеген. Бұл жағдай жел жоқ кезде, яғни қолайсыз метеорологиялық кезеңде болған. Мамандардың пайымынша, мұндай жағдай — шаң-газды ұстап қалатын құрылғының дұрыс жұмыс істемеуінен және түтін газдарын тазарту жүйесінде ақау шыққанда болады.
ДИАС РАМАЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
— Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті 2026 жылы қаңтар және ақпан айларында болған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Өскемен қаласында орналасқан «Казцинк» ЖШС-іне қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Зерттеу барысында күкірт диоксиді бойынша 3,5 есе, көміртек оксиді 2 есе және азот оксиді 1,5 есе нормативтен асуы байқалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал