Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңа нысандар Курчатов, Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Семей және Өскемен қалаларында бой көтереді. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 11 станция жаңғыртылмақ. Аталған жобалар Көмір генерациясын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылады. Бюджеттен бұған бір тиын да бөлінбейді. Барлық шығынды инвесторлар көтереді. Жобаға тартылған жалпы инвестиция көлемі – 7,5 трлн теңге.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.