«Самұрық-Қазына» холдингі 729 қызметкерін қысқартты | 01.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ
Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Шымкент қаласының полиция департаменті бұл ақпартты ресми түрде растады. Емдеу аяқталғаннан кейін ол қайтадан тергеу изоляторына қамалады.

ҚЫСҚАРТУ БОЛАДЫ
«Самрұрық-Қазына» жоғары жалақы алатын 729 қызметкерін қысқартпақ. Осылайша 5 млрд теңге үнемдеуді жоспарлап отыр. Қысқарту әуелі Астанадағы әкімшілік персоналдан басталады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ
Елде мемлекеттік құпияны сақтауға қатысты талап күшейтілмек. Мәжілісмендер тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат бақылауды арттырып, мемлекеттік күзет қызметінің өкілетін кеңейтуді көздейді.

ҚАҚТЫҒЫСТЫ ТОҚТАТУҒА ҚҰЛЫҚТЫ
Иран АҚШ-тың әйгілі Microsoft, Apple, Google компанияларын нысанаға алды. Кәсіпорын қызметкерлеріне жұмыс орындарынан кету ескертілді. Ал Дональд Трамп жақын арада Иранға қарсы шабуылды тоқтататуға құлықты.

АЖАЛДАН АРАШАЛАДЫ
Жезқазғанда полицейлер жанып жатқан пәтерден ер адамды аман алып шықты. Көк түтінге тұншығып, есінен танып қалған азаматты құтқарған тәртіп сақшыларына тұрғындар алғыс айтып жатыр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал