Семейде көпбалалы ана адам саудасы үшін 6 жылға сотталды

Семейде «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана адам саудасымен айналысқаны үшін сотталды. Тергеу мәліметінше, ол базарлар мен вокзалдардан әлеуметтік осал топқа жататын адамдарды тауып, сеніміне кіріп, кейін оларды шаруа қожалықтарына 100-400 мың теңгеге сатқан. Сотта 5 дерек дәлелденді. Кей жағдайларда күдікті жәбірленушілерге қысым көрсетіп, еркіндігін шектеген. Айыпталушы кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Тіпті сотта жәбірленушілер оны кешіріп, қатаң жаза қолданбауды сұраған. Дегенмен жасаған қылмысына қатысты сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал