Нұрай Серікбайдың өліміне кінәлі адам жауапкершіліктен құтылмайды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу жүріп жатыр, сараптамалар бір айда аяқталып, іс сотқа жолданады. Айта кетейік, марқұмның туыстары күдіктінің есі дұрыс емес деп танылып, жазадан құтылып кетуіне алаңдаулы. Айыпталушыға жүргізілген екі сараптама нәтижесінде мамандар күдіктінің есі дұрыстығына күмән келтіріп, оны мәжбүрлі емдеуге жіберген. Бұл туралы марқұмның ағасы тілшімізге берген сұхбатында айтқан еді.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНАБСАРЫ:
— Қылмыстық іс бойынша, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті адам қазір Ақтас қаласында. Ол сараптамадан өткізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай сотқа жіберіледі. Бұл жөнінде ешқандай күмәндәріңіз болмасын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.