Атырауда анасы ұлына полициядан қашуға көмектеспек болды

Атырауда анасы ұлына полициядан қашуға көмектеспек болды. Lada Priora көлігінің жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабын елемеген. Ол үйіне келіп, ашық тұрған қақпадан аулаға кірген кезде, анасы патрульдік көліктің жолын бөгеп, қақпаны жауып тастаған. Дегенмен тәртіп сақшылары жас жігітті ұстады. Оның жүргізуші куәлігі болмай шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды. 57 жастағы анасы да полиция қызметкерлерінің заңды әрекетіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал