Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды. Саясат Нұрбек еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды. Кездесуде жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту шараларына, соның ішінде «Келешек» механизмі мен саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге баса назар аударылды. Мемлекет басшысы саланы дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.