Д. Трамп: Иран атысты тоқтатуды сұрады

Иран АҚШ-тан атысты тоқтатуды сұрайды. Ақ үй басшысы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Америка көшбасшысы Ормуз бұғазы ашылса, бұл ұсынысты қарастыратынын айтты. «Ал әзірге АҚШ әскери күштері Ислам мемлекетіне шабуылдауды жалғастырады», — дейді. Алайда Иранның мемлекеттік телеарнасы Трамптың бұл мәлімдемесін «жалған» деп, жоққа шығарды.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті Франция қамтамасыз етсін. Олар мұнайдың көп бөлігін осы бұғаз арқылы алады. Еуропа елдері қорғасын. Оңтүстік Корея мен Жапония тағы бар. Олар мұнайының 90 пайызын осы сауда жолы арқылы алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал