Қазақстанда доллар арзандады. Айырбастау пунктерінде америкалық валюта 472-475 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал қор биржасындағы ресми бағам 475 теңге 9 тиын деңгейінде тұр. Сарапшылар теңгенің нығаюын уақытша құбылыс деп бағалайды. Сондықтан қаржылық шешім қабылдағанда асықпауға кеңес береді.
Астанада АҚШ валютасы орта есеппен 475 теңгеден сатылып, 468 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда доллар 471-472 теңгеден сатылып, 469-470 теңге аралығында қабылданады. Әйтсе де ақша айырбастау орындарында айтралықтай дүрбелең байқалмайды. Жұрт керісінше, долларды сатып жатыр.
Доллардың арзандауы, әлбетте, мұнай бағасының өсуімен байланысты. Қазір қара алтын құны жоғары. Соның әсерінен елге валюта көбірек түсіп, теңге күшейіп отыр. Алайда сарапшылар бұл ұзаққа созылмайтынын айтады. Себебі мұнай нарығы тұрақсыз. Баға кез келген уақытта қайта төмендеуі мүмкін.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ҚАРЖЫГЕР-САРАПШЫ:
— 473-475 теңгеге түсуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, мұнай бағасы өсіп кетті. Бірақ қысқа мергімзге ғана. Трамп саясатын өзгертсе, мұнайдың бағасы барреліне 60-70 долларға түсуі мүмкін. Бүгінгі күнде 100 доллардан асып кетті, осының әсері бар.
Сарапшы Айбар Олжайдың айтуынша, доллардың түскенінен шетелден келетін өнімдер арзандауы мүмкін. Бұл өз кезегінде инфляцияны тежеуге ықпал етеді. Сонымен қатар теңгемен депозит ашқан азаматтар үшін бұл тиімді кезең. Себебі валюта тәуекелі төмендеп, жоғары пайыздық табыс сақталып отыр.
Дегенмен мұнай бағасының құбылуына байланысты жағдай кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Сондықтан мамандар халыққа асығыс шешім қабылдамай, әдеттегідей, қаржысын әртүрлі валютада және активте сақтауды ұсынады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.