Шығыс Қазақстан облысында мұз еріп, таулы өзендерде сең жүре бастады. Соңғы бірнеше күнде Үлбі өзеніндегі судың деңгейі 52 сантиметрге көтерілген. Алайда мамандардың айтуынша, қауіпті межеге әлі жеткен жоқ. Соған қарамастан, қазір өңірдегі өзен-көлдерге бақылау күшейтілді. Облыс аумағында 800-ден астам өзен бар. Бұл – еліміздегі су қорының 40 пайызы. Сондықтан аймақтағы 55 гидробекеттің барлығы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Гидролог мамандар таңнан кешке дейін судың ағысын, температурасын өлшейді. Айта кету керек, керек тасқынның алдын алу үшін бөгеттер мен плотиналар транзиттік су жіберу режиміне көшірілді. Ал облыстың 80 пайызы әлі қар астында.
ИРИНА САМОЙЛОВА, ГИДРОБЕКЕТ БАҚЫЛАУШЫСЫ:
— Бір апта бұрын мұз басып жатқан. Ал қазір сең жүріп жатыр. Яғни жағдай тез өзгеріп жатқанын аңғаруға болады. Негізінен бұл өзен биыл толық қатқан жоқ.
ІҢКӘР АСҚАРОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Күн жылынды. Нәтижесінде шағын өзендердегі мұз тез еріп кетті. Бұл су деңгейінің көтерілуіне әкелді. Сол себепті біз тәулік бойы мониторинг жүргіземіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.