Елордада 1 млн астам ағаш пен гүл отырғызылады

Биыл елордада көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүреді. 170 қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 1 миллионнан астам ағаш пен гүл отырғызылады. Негізгі жобалардың бірі – ұзындығы 4 шақырымнан асатын «Мыңжылдық» аллеясы. Ол бірнеше маңызды аумақты біріктіретін жаяу жүргіншілер желісіне айналады. Сонымен қатар, Greenline бульвары кеңейтіліп, жаңа жасыл аймақтар, су айдындары мен спорттық және ойын алаңдары салынады. Ірі көшелер жаңартылып, жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптасады. Одан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Telegram-бот арқылы тұрғындар экологиялық мәселелер туралы хабарлай алатынын еске саламыз. Бұл бастамалар елорданың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындарға жайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал