Абай облысы Аягөз ауданында оқушы қыз пластик қалдықтарынан эко-асфальт жасап шығарды. Жас өнертапқыштың бұл жобасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды. Жас зерттеуші зерттеуді 7-сыныптан бастап қолға алып, бірнеше жыл бойы үздіксіз ізденген. Нәтижесінде, жол жабынын жасаудың тиімді тәсілін ұсынды. Аружанның идеясы бойынша, тұрмыстық пластик қалдықтары арнайы өңдеуден өткізіліп, асфальт құрамына енгізіледі. Осы тәсілмен жасалған жабын берік әрі қызметі ұзақ болады. Мамандардың болжамынша, мұндай жол орта есеппен 12-18 жылға дейін жөндеуді қажет етпейді. Ал сапасы жоғары түрлері 20-25 жылға дейін шыдас береді. Оның үстіне, дәстүрлі асфальтқа қарағанда әлдеқайда үнемді.
АРУЖАН ҚАБДҰЛМАРАТОВА, 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
— Эко-асфальт экологиялық таза, жылдам әрі сенімді. Пластикалық қалдықтардан жасалған жолдар классикалық асфальттан қарағанда ұзағырақ қызмет етеді. Яғни мұндай жолдар экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді. Мен еліміздегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен саябақтарға осы экоасфальтты сынақ ретінде салып көруді ұсынуамын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.