15 жастағы Кәрім Меңдіқанoв «Барселонада» ойнайды

15 жастағы қазақ баласы «Барселонада» ойнайды. Кәрім Меңдіқанoв Испанияның алпауыт клубы «Барселона» академиясымен келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол Каталониядағы «Серданьола» және «Сан-Кугат» командаларында өнер көрсеткен. 2024-2025 маусымында Каталония лигасында ойнап, 7 матчта 2 гол соққан. Кәрім 2022 жылдан бері Испанияда тұрады. Каталонияда жаттығады және бірнеше рет «Барселона» жүйесінде жаттығудан өткен. Енді ресми түрде клуб академиясына қосылып, жаңа маусымда команда сапында өнер көрсетеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал