Атырауда анасы ұлына полициядан қашуға көмектеспек болды | 02.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АДАМ САТҚАН ӘЙЕЛ
Семейде адам саудасымен айналысқан әйел сотталды. Ол «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана болып шықты. Келіншек адамдарды базар мен вокзалдан тауып алып, шаруа қожалықтарына құлдыққа сатып отырған. Зардап шеккендер әйелді кешірді. Бірақ сот жұмсақтық танытқан жоқ.

БЕЛУАРДАН СУ КЕШКЕН
Қайыңды ауылының тұрғындары белуардан су кешіп жүр. Елді мекенде Ойыл өзенінің үстімен өтетін көпір жоқ. Бүгінде өзен суы ернеуінен асқандықтан, тұрғындар көрші аудандарға жаяу қатынауға мәжбүр. Ақтөбе облысының билігі небәрі 200 адам тұратын ауылдың мәселесін әлі шеше алмай келеді.

ІШКЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ ЖАЗА
Ішімдік ішіп, жүргізуші куәлігінен айырылғандарға әкімшілік рақымшылық жасауға болмайды. Олар қоғам үшін қауіпті. Депутаттар мәжілісте осы мәселені көтерді. Бұған Алматыда үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты себеп. Сондықтан адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғалары үшін жазаны қатаңдату қажет деп санайды.

ДОЛЛАР ТАҒЫ АРЗАНДАДЫ
АҚШ валютасы құлдырап барады. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыс себеп пе әлде басқа фактор бар ма? Айырбастау пунктерінде доллар күрт арзандады. Айталық, елордада АҚШ валютасы 475 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу құны – 468 теңге.

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ «БАРСЕЛОНАҒА» БАРДЫ
15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды. Енді Кәрім Меңдіханов Испанияның атақты ойыншыларымен иық тірестіріп ойнайды. Мұны естіген дүйім жұрт жолы Ямал сияқты жеңіл, мансабы Месси сияқты мығым болсын деп тілеп жатыр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал