Шымкентте туған қызын зорлаған әке сотталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот отырысы жабық түрде өтті. Бірнеше жылға созылған сұмдық жағдай былтыр желтоқсанында әшкереленген. Полицияға 15 жастағы колледж студенті өзі арызданған. Ол туған әкесі 11 жасынан бері азғындық жасап келгенін айтқан. Бірақ жасөспірім қорқып, бірнеше жыл бойы ешкімге айтпай келіпті.Сот ер адамды қылмыстық кодекстің 120-бабы, яғни ата-анасы бола тұра жәбірленушіні зорлау бабымен кінәлі деп танып, өмір бойына темір торға қамады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.