Астанада Tesla көлігін тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған. Оқиға Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мына бейнекадрлерде полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуіне қарамастан, жүргізушінің қашуға ұмтылғаны анық көрінеді. Белгілі болғандай, электромобильдің ішінде жасөспіріммен бірге тағы бір кәмелетке толмаған бала болған. Айта кетейік, аталған көлік бұған дейін де жол ережесін бірнеше рет бұзып, қауіпті маневр жасағаны үшін полиция назарына іліккен.
ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған дерек бойынша көлік құралын басқару және көлікті осындай тұлғаларға беру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмаған заңды өкілдері баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізуші куәлігінсіз кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнідіреді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.