Жетісу облысында жеңіл көлік жол жиегінде мопедпен кетіп бара жатқан екі жасөспірімді қағып кетті. Оқиға Талдықорған қаласында болды. Жүйткіген автомобиль соққысынан олар қоршаудан асып құлаған. «Екеуі де ауыр жарақат алды, біреуінің халі мүшкіл», — дейді мамандар. Полиция мәліметінше, жүргізуші бағдаршамға қарамай өтіп кеткен. Ал мопед мемлекеттік нөмірсіз жүрген. Қазір оқиғаны тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.