Жамбыл облысындағы сарбаз қазасы: рота командирі жауапқа тартылуы мүмкін

Жамбыл облысында қаза болған сарбаз ісі бойынша жаңа деректер шықты. Рота командирі жауапқа тартылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 27 қаңтарда болған. Алғашқы мәліметтерде сарбаз қаруды дұрыс қолданбау салдарынан қайтыс болғаны айтылған еді. Оқиғадан кейін ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгін Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады. Аз уақыта дәлелдер жиналып, іс сотқа жолданды.
БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА:
«Тергеу лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал