Иран Бахрейндегі Amazon Web Services деректер орталығына соққы жасады.
Бұл туралы Financial Times хабарлады. Шабуыл Ислам революциясы сақшылары корпусы Таяу Шығыста жұмыс істейтін америкалық компанияларға соққы жасайтынын ескерткеннен бір күн өткен соң болды. Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасаған еді. Соның салдарынан ірі көпір қирады. 8 адам қаза тауып, тағы 95-і ауыр жарақат алды. Жергілікті халық көпір маңына табиғат күнін атап өтуге жиналған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, құрылысы әлі аяқталмаған нысан –Таяу Шығыстағы ең биік көпірлердің бірі. Ұзындығы – 1 мың 50 метр, ал тіреу бағандарының биіктігі – 136 метр. Тегеранды елдің батыс өңірлермен байланыстыратын маңызды жол. Шабуылға қатысты Иранның Сырқы істер министрі Аббас Аракчи: «Азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуыл қарсыласының моральдық күйреуінің көрсеткіші», — деп пікір білдірді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде мұндай соққылар әлі де болатынын жазды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.