Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі мен ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады. Кездесу барысында Президентке білім беру саласының 2025 жылғы қорытындылары мен алдағы міндеттері таныстырылды. Кездесуде Жұлдыз Сүлейменова инфрақұрылымды дамыту мақсатында 184 білім беру нысаны іске қосылғанын жеткізді. Үш ауысымды 80 және апатты жағдайдағы 31 мектептің мәселесі шешімін тапты. 209 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1192 пәндік кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталды. Балабақшаға кезек 2 есеге жуық қысқарған.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты да қабылдады. Өңір жетекшісі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Айтуынша, былтыр инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсеткен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асқан. Биыл 17 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нұрымбет Сақтағанов облыста инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән берілгенін де тілге тиек етті. Кездесулер соңында Президент министр мен облысы басшысына бірқатар тапсырма берді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал