Елімізде машина жасау өндірісі былтыр 5,7 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 13 пайыз өсті. Соңғы 5 жылда экспорт көлемі екі еседен асып, $3,1 млрд-қа дейін жетті. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының форумында айтылды. Іс-шараға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қатысты. Қазір елде 4 мыңға жуық зауыт жұмыс істейді, онда 130 мыңнан астам маман еңбек етеді. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция 376 млрд теңгеге жетті. Форумға ондаған елден 1300-ден астам делегат келді. Премьер-министрдің айтуынша, локализация деңгейін арттыру және қосылған құны жоғары өнім шығару мемлекеттің басым бағыты болып қала бермек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.