Алматы облысында жолды су шайып кетті

Оқиға Кеген – Нарынқол республикалық маңызы бар тасжолының 20-шақырымында тіркелді. Видеода көрсетілгендей, жолдың жартысы тұтастай бөлінген. Оқиға әлеуметтік желіде жарияланып, тез тарап кетті. Жүргізушілерге бір-біріне ескерту жасап жатыр.
Осыған орай «ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады. Айтуларынша, жолдың бұзылуына ауа температурасының күрт жылынуы мен тауда еріген қар сулары себеп болған. Соның салдарынан су өткізгіш құбыр зақымданып, жол жамылғысын шайып кеткен. Сондай-ақ бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына кірмеген. Қазір жол мердігер ұйымның қарауында. Қазір қозғалыс уақытша шектелді. Көліктер қиыршықтасты айналма жол арқылы өткізіліп жатыр. Айта кетейін, жол өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Тәулігіне шамамен 500 көлік қатынайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал