Семейде «Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясы ресми ашылды. Орталық саябақта ұйымдастырылған шараға 300-ге жуық адам жиналды. Акция «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтті. Негізгі мақсат – табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, ел ішінде экологиялық жауапкершілікті күшейту. Жиналған жұрт айналаны қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытты. Жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді. Енді құс ұясы орнатылып, бұлақ көзін ашу жоспарланып отыр.
КӘУСАР РАМАЗАНОВ, «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық акцияның бірі. Оның негізгі мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаға аудару, халықты табиғатты аялауға шақыру. Акция барысында сенбіліктер ұйымдастырылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.