Шығыс Қазақстан облысының ғалымдары тасқа қашалып салынған суреттерді цифрлық форматқа көшірді. Астана, Алматы және Өскемен археологтары бірлесіп, ежелгі жазбаларды сканерлерді. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Кентау тарихи ескерткіші аумағында өлкетанушылар сәулелі сканердің көмегімен 74 үңгірден 700 бейне анықталған. Тарихшылар жартас суреттерін неолит кезеңіне жатқызады. Айтуларынша, үш мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген ежелгі көшпенділер минералогияны жақсы меңгеріп, бейнелеу өнерінде табиғи материалдарды қолданған. Барлық зерттеу нәтижелері өңірдің киелі орындарының электронды картасына енгізіледі. Шетелдік зерттеушілер Қазақстан тарихындағы қызықты артефактілерді зерттей алуы үшін мәліметтер ашық интернет көздерінде жарияланады.
ЕВГЕНИЙ ВОДЯСОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР:
— Біріншіден, ежелгі үңгірлерді үш өлшемді цифрлаулау арқылы біз әлем ғалымдарына құнды деректер ұсынамыз. Екіншіден, енді бұл ақпарат мәңгіге сақталады. Ал ашық кеңістікте тұрған суреттер уақыт өте бүлініп, жойылуда. Сондықтан біздің жасап жатқан жұмысымыз, осы мұраны сақтап қалуға мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.