Елордада есірткіге қарсы «Taza Fest» концерті өтті

Елордада жастар арасында есірткіге қарсы ауқымды «Taza Fest» концерті өтті. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған шараға мыңдаған студент жиналып, танымал артистер мен блогерлер салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысты.
«Taza Fest» мәдени шарасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған. Негізгі мақсат – жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру.

ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ПД ЕҚҚІҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды өзіміз өткізудеміз. Алайда елге танымал жұлдыздар, әртістер, танымал блогерлер өз тарапынан нашақорлықтың алдын алуға бағытталған осындай сөйлесу жұмыстарын жүргізуге көмектесіп жатыр. Себебі тек полиция қызметкерлері емес, бүкіл ел болып, үкіметтік емес ұйымдарды қоса отырып, осы проблемамен күресуіміз керек.

Шараға 2000-ға жуық студент жиналып, отандық танымал артистер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Ұлттық Ұлан ансамблі, Bellucci, Metis’s, Domino, «Килиманджаро» топтары, Арман Қуандықов пен Ақтоты Болышева өнер көрсетті. Шараны танымал «Патруль» фильмінің актерлері ойын форматында жүргізді. Бағдарлама барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, жастарға арналған мотивациялық үндеулер де айтылды.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал