Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӘКЕГЕ ҮКІМ
Шымкентте туған қызын зорлаған әке сотталды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бірнеше жылға созылған сұмдық жағдай былтыр жыл соңында әшкереленген. Полицияға 15 жастағы колледж студенті өзі арызданған.
МОПЕДТІ ҚАҚТЫ
Жетісу облысында жеңіл көлік жол жиегінде мопедпен кетіп бара жатқан екі жасөспірімді қағып кетті. Оқиға Талдықорған қаласында болды. Жүйткіген автомобиль соққысынан олар қоршаудан асып құлаған. Екуі де ауыр жарақат алды.
ЖОЛ ОПЫРЫЛДЫ
Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында жолдың бір бөлігі опырылып қалды. Куәгерлер оқиғаның «Кеген-Нарынқол» тас жолы бойында болғанын айтады. Бұған сай-саладан аққан қарғын су себеп болуы мүмкін.
ШЕКАРАДАҒЫ КЕПТЕЛІС
Ақтөбе облысының Ресеймен шекарасында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі қалыптасты. Жүк көліктері мен жеңіл машиналар бірнеше күн бойы қаңтарылып тұр. Бұған не себеп? Мезгіл сайын қайталанатын жағдайдың шешімі бар ма?
ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ТАРИХ
Шығыс Қазақстан облысының ғалымдары тасқа қашалып салынған суреттеріді цифрлық форматқа көшірді. Ол үшін Астана, Алматы және Өскемен археологтары бірлесіп, ежелгі жазбаларды сканерден өткізген.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.