Атырауда жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 7 жасар бүлдіршінді Toyota Hiace автокөлігі қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше оқушы қыз дене жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмған. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңертеңгі сағат 8-дер шамасында болған. Оқушы жолдан ересектерсіз жалғыз өзі өтіп бара жатқан. Қазір 1974 жылы туған жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, былтыр 8 желтоқсанда облыс орталығында 6 жасар баланы автобус қағып кеткен. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса абай болуға кеңес береді.
ӨНЕРБЕК ЕРҒАЛИЕВ, КУӘГЕР:
— Таңертеңгі 7:46 уақытында Шамелов көшесінің бойында Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1-сынып оқушысын жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жерінен қағып кетті. Бірінші екі қыз бала өтіп кетті. Содан кейін артынан сыныптастарын қуып жетемін деп жылдам өткенде, мына жақтан машина да келіп қалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.