Қарағанды облысындағы ірі жол апатынан зардап шеккен жұмысшылардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Қарқаралы ауданында аударылған автобустағы 51 адамның барлығы дерлік медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлердің соңғы мәліметінше, 44 жұмысшы алғашқы тексеруден соң үйлеріне, амбулаторлық емге жіберілді. Алайда жағдайы күрделірек 7 науқас әлі де ауруханада. Зардап шеккендердің бір бөлігі оқиға орнынан тікұшақпен тікелей облыс орталығына жеткізілген. Қазір мамандар олардың денсаулығын жіті бақылауда ұстап отыр. Айта кетейік, мыс өндіруші компанияның қызметкерлері мінген автобус кеше Бесоба ауылынан 15 шақырым жердегі далада аударылды. Апаттың нақты себебін полиция зерттеп жатыр.
ДАРЫН ДАРЫБАЕВ, КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Қазіргі таңда 44 науқас амбулаторлық емге жіберілді, жеті науқас бөлімшелерге жатқызылды. Әртүрлі дене жарақатымен, оның ішінде бас ми шайқалуы, қолдың сынуы. Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде, жоғары квалификациялық көмек алуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.