Атырау облысы Мақат ауданында жергілікті тұрғындар полиция қызметкерлерін соққыға жыққан. Салдарынан 2 тәртіп сақшысы зардап шекті. Оқиға 3 сәуір күні түнгі сағат 10 шамасында болған. Мас күйдегі бір топ азамат тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлеріне қысым көрсету, заңды талаптарына бағынбау және күш қолданудың кез келген фактісі бойынша заң аясында қатаң жауапкершілік көзделген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.