Елімізде 40 млрд теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалуы әшкереленді

Мал шаруашылығы мен ғылым саласында 40 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған. Мемлекет басшысына есеп берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осылай деді. Медициналық сақтандыру мен құрылыс саласындағы жымқыру бойынша ондаған қылмыстық іс қозғалған. 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Алаяқтықпен айналысқан мыңдаған сайт пен чат жабылып, заңсыз жұмыс істеген криптоайырбастау сервистерінің жолы кесілді. Сонымен қатар «көлеңкелі» айналымдағы 13 миллиард теңгеден астам қаржысы бар 68 мыңнан астам дроп-карта бұғатталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал