Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер жазасын өтеуге әлі жіберілмеген

Атырауда аяусыз өлтірілген Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сұрау жолдады. Бұл туралы ол арнамыздың продюсеріне берген сұхбатында айтты. Қызының өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов қашан жазасын өтеуге жіберіледі? Марқұмның туысын осы сұрақ мазалайды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, қазір олар Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Ал ондағы жағдай өмір бойына сотталғандар отыратын түрмеден мүлде бөлек. Еске салайық, өткен аптада Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың әлі күнге дейін төтенше қауіпсіздік мекемесіне жіберілмегені белгілі болып, қоғам наразылығын тудырды. Бұған қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ресми мәлімдеме жасады.
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ:
«Сотталғандар заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеу орындарына жіберіледі. Еске салайық, Яна Легкодимова бір жылға жуық уақыт із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Кейін бұл іске күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Тергеу мен сот барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Ал марқұмның денесі сегіз айдан кейін ғана табылды. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар қылмыстық жазадан бөлек, материалдық шығын ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндетті. Сондай-ақ әрқайсысы 15 миллион теңгеден моральдық өтемақы өтеуі тиіс».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал