Ақтөбедегі қоқыс полигоны екі жыл бұрын пайдалануға берілгенде көп түйткілдің түйіні шешілгендей болған. Алайда жаңа нысан да мәселесіз емес. Соңғы күндері жел тұрса, оның аумағынан қалаға қарай қаптаған полиэтилен пакет ұшып, берекені алып жатыр. Көктемгі екі айлық тазалық науқаны басталғалы жағдай тіпті қиындады, өйткені қоқыс бұрынғыдан да көп шығарыла бастаған. Эко белсенділер де бұл жағдайды айтудай-ақ айтып келеді. Тіпті экологиялық апатқа балаған. Себебі пластик пен пакеттердің толық ыдырауына ондаған жылдар қажет. Белсендінің айтуынша, мәселені жасыл желек отырғызу арқылы да шешуге болады. Алайда ағаштар өсіп шыққанша бірнеше жыл қажет, ал мәселені қазірден шешкен жөн.
ЕВГЕНИЙ ЛАЗАРЧУК, ЭКОБЕЛСЕНДІ:
— Ұшып жүрген қоқыс мәселесінің басты себебі – қалдықтарды сұрыптау жүйесінің жоқтығы. Полиэтилен мен жеңіл пластикті сұрыптап, қайта өңдеуге жіберу қажет. Полигон міндетті түрде биік қоршаумен және үстіңгі жағында желмен көтеріліп кетпейтіндей жабындымен қамтамасыз етілуі тиіс.
АРСЕН ЖОЛАМАНОВ – ПОЛИГОН БАСШЫСЫ:
— Жақын уақытта пакеттер ұшып кетпеуі үшін биік қоршаулар орнату жоспарланып отыр. Полигон аумағы әр сенбі сайын тазаланады. Әкімдік тарапынан адамдар бөлінді, олар сол жерге жіберілді. Қоқыс кейде жолда келе жатқан көліктерден де ұшып кетеді, оның үстіне бұл жерде жел үнемі қатты соғады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.