Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемгі сенбілік өтіп, ағаш отырғызылды. Өңір тұрғындары, жастар және билік өкілдері белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті арттыруға үлес қосты. Тек Түркістан қаласының өзінде 45 мың түп ағаш отырғызылды. Тұрғындар көшеттің бірнеше түрін қаланың әртүрлі бөлігіне екті. Экологиялық акцияға қатысушылар ағаш егумен қатар қаланы қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Сондай-ақ өңір аумағында 1,5 млн гүл егілді. Айта кетейік, көгалдандыру жұмыстары әр сенбілік сайын жалғасын табады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.