Екі айлық сенбілік: Оралда қала тазалығы күшейтілді

Оралда санитарлық-экологиялық тазалық шаралары басталды. Сенбілік бұл жолы екі айға жалғасады. Осы аралықта барлығы 60-тан астам түрлі іс-шара өткізілмек. Аула, көше мен қоғамдық орындар, саябақ пен демалыс аумақтары тазартылады. Заңсыз қоқыс орындарын жою, қала аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға де ерекше мән берілмек. Бұның барлығы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылады.
ДАРХАН ЕРКІНҰЛЫ, ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Негізгі бағыт – қаламызды таза ұстап қана қоймай, қала тұрғындарының тазалыққа, экологияға деген мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ қала тұрғындарының, жастардың және мемлекеттік қызметшілердің барлығын бір идеология аясында, яғни қаламыздың көркеюіне үлесін тигізетіндей жұмыстар атқару.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал