Шымкенттегі армиялық жекпе-жектен республикалық жарыс мәресіне жетті

Шымкенттегі жауынгерлер арасында армиялық жекпе-жектен республикалық жарыс мәресіне жетті. Сегіз өңіріндегі әскери бөлімнен құралған команда жалпы саны 89 әскери қызметші 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Спортшылар қоян-қолтық ұрыс, панкратион, аралас жекпе-жек түрінен үздіктерді анықтады. Жеңіс Семей қаласының 74 884 әскери бөлімінің командасына бұйыры. Ал екінші орынды Ақтөбелік 20 709 әскери бөлімі иеленсе, Астана қаласының 22 750 әскери бөлімі үздік үштікті қорытындылады.
САЯН КӘРІБАЕВ, 22750 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРІ:
— Қарсыластарымның деңгейі өте мықты болды. Өзім соңғы рет 2019 жылы жарыстарға қатысып едім, 7 жыл үзілістен кейін осы жылы бірінші рет қатыстым. Бұл – мен үшін үлкен нәтиже. Салмағымда 3-4 спорт шебері болды. Бұл жарыстан бірінші орын алу маған өте қиынға соқты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал