Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АТЫРАУДАҒЫ ТРАГЕДИЯ
Мектепке бір қадам жетпей қалды. Атырауда жаяу жүргіншілер жолағында жеті жасар оқушыны көлік қағып кетті. Қыз бала жедел жәрдем жеткенше, оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды.
АВТОБУС АУДАРЫЛДЫ
Бесоба ауылының маңында жол апаты болды. Қарағанды облысында 51 кенші мінген автобус аударылды. 30-дан астам жолаушы зардап шекті. Кейбіреулерін мамандар ауруханаға тікұшақпен жеткізді.
КЕРІ ЖЫЛЖЫҒАН КЕЗЕК
Баспана кезегіндегі келеңсіздік. Солтүстік Қазақстан облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі бір баспанаға зар болып жүр. Белгісіз себептермен тізім өзгеріп, басында тұрған жігіт соңғы кезекке ысырылып қалған.
КӨЛІКТІ ТАЛҚАНДАДЫ
Астанада бірнеше бала аулада тұрған көліктің капотында асыр салып ойнап, әйнегін күл талқан етті. Енді темір тұлпарды кім жөндеп береді? Бұзық балаларға қандай шара қолданылады, ал ата-аналарын қандай жаза күтіп тұр?
САҒЫ СЫНБАҒАН
Тағдыр тәлкегіне мойымаған. Павлодарда 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан спортпен кәсіби түрде шұғылданып, көпке үлгі көрсетіп келеді. Мысалы, 80 жастағы чемпион мен паралимпиадашының жетістігіне ел куә.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.