Астрахан ауданында «Қазгидромет» қызметкерін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі күн бұрын ол Ескі Қалқұтан ауылындағы үйінен шығып, із-түзсіз кеткен. Ағасы жоғалды деп арыз түсірген соң, метеорологты іздеуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Азаматты су астынан сүңгуірлер іздеп жатыр.
ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Іздестіруге Ақмола облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар және полиция департаменті жұмылдырылған. 3 техника, 11 адам және 2 жүзу құралы тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.